RU
Ерлан Біләл "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын қайтып алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ерлан Біләл "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын қайтып алды

Рассказать Вконтакте

Сот Ерлан Біләлға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын қайтарып берді. Бірақ әртіс сот міндеттеген қомақты айыппұлды әлі төлеп бітірген жоқ деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ерлан Біләл "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын қайтып алды

Ерлан Біләл "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын қайтып алды

Ал «Сезам» театрының директоры апелляциялық сотқа қайта шағым түсіріп, моральдық шығын ретінде Ерлан Біләлдан бір миллион теңге өндіріп беруді талап еткен.

Қайрат Баянов шағымды өзі емес, адвокаты жазғанын айтса да, бір миллион теңге өндірудің себебін ақыры судьяға түсіндіріп, дәлелдеп бере алмады.

Прокурор да «Сезам» театрының директорының шағымын қараусыз, бұрынғы үкімді күшінде қалдыруды қолдады. Моральдық шығын өтеуден құтылған соң әртіс өзінің атағын қайтарып беру туралы өтінішін де судьяға жеткізіп үлгерді.

Судья Бектемірова «Құрмет орденін» қайтару өтінішін қараусыз қалдырса да, Ерланға «Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері» атағын қайтарып берді.

«Болған оқиғаға атақ-дәреженің еш қатысы жоқ. Өйткені мен шығармашылық адам ретінде сол Қазақстанның еңбек сіңірген атағын алған болатынмын. Ойнаған рөлдерім үшін, актер ретінде. Сол атағыма әділетті шешім қабылдап, соттың шешім қалдырғанына үлкен алғысымды білдіремін. Бәріне тәубе деп қарайтын халықпыз ғой. Сондықтан ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімес. Көтереміз шама-шарқымыз келгенше», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс Ерлан Біләл.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
0
5
5
20
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel