RU
Төрт баласы бар астаналық келіншек мінсіз мүсінді сақтап қалудың сырымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Төрт баласы бар астаналық келіншек мінсіз мүсінді сақтап қалудың сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Төрт баласын дүниеге әкеліп, бүгінде ардақты жар, аяулы ана атанып отырған Самал Саматова кенжесін былтыр ғана дүниеге әкелсе де, сұлу сымбатын сақтап қалған. Келіншек сұлулығының бар сыры – дұрыс тамақтану мен жаттығу жасау дейді. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген жас ана бала күтімі мен өзіне уақыт бөлудің құпиясын айтты.

Фото Instagram желісінен алынды

Фото Instagram желісінен алынды

Самал Саматованың тұңғышы – 10 жаста ғана болса, кішісі 1 жастан енді асқан. Күнделікті күйбең тіршілік пен бала күтіміне қарамастан астаналық ару өз сымбатын сақтап қалған.

"Мен фитнеске баруды бірінші баламнан кейін-ақ әдетке айналдырдым. Сосын дұрыс тамақтанамын. Түске дейін ауыр тағамдармен тамақтансам, кешке таман тек жеңіл тағамдарды жеуге тырысамын. Адам өз-өзіне қараймын десе, бәріне де уақыт табуға болады", - дейді жас ана.

Бүгінде жұмысымен бірге ол желі арқылы бизнес жасап, табыс тауып та үлгеріп отыр.

"Табысым өзіме және балаларыма жетеді. Жолдасым да жұмыста. Балаларымды күнделікті мектепке, балабақшаға апару менің мойнымда. Үйдің де, түздің де жұмысына үлгеруге тырысамын. Меніңше әр жас ана өзіне аз да болса уақыт таба білу керек. Себебі, әйел адамның денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы болса, отбасының да берекесі кетпейді деп санаймын", - дейді астаналық келіншек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
4
36
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір