RU
Қызылордада түрмеден қашып кеткен қылмыстық топ мүшесі қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада түрмеден қашып кеткен қылмыстық топ мүшесі қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Ұйымдастырылған қылмыстық топтың 25 жастағы мүшесі Қызылордада тәртіп сақшыларының қолына түсті. Күдікті бірден тұтқынға алынған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Қызылорда облысы ІІД-нің баспасөз қызметі

Фото: Қызылорда облысы ІІД-нің баспасөз қызметі
Source: UGC

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, күдікті Әділет Серікбаев қылмыстық ортада «Әдөн» деген лақап атымен танымал. Ол ұйымдастырылған қылмыстық топтың мүшесі болып шықты.

Әділет Серікбаев өткен жылдың соңынан бері іздестіріліп жатқан. Облыстық сот оны бұзақылық үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Алайда Серікбаев түрмеден қашып кеткен.

Ер азамат бұған дейін бірнеше мәрте істі болған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.

Сіздің реакцияңыз
1
2
2
1
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel