RU
"Жетпегені осы еді": Домбыра іспетті арақ шымкенттік тұрғынның ашуына тиді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Жетпегені осы еді": Домбыра іспетті арақ шымкенттік тұрғынның ашуына тиді (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік тұрғын қазақтың қара домбырасының мүсінімен шығарылған спирттік ішімдікті көріп, жағасын ұстады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Жетпегені осы еді": Домбыра іспетті арақ шымкенттік тұрғынның ашуына тиді (фото)

"Жетпегені осы еді": Домбыра іспетті арақ шымкенттік тұрғынның ашуына тиді (фото)

«Айына бір рет туыстарымызбен бас қосып отырамыз. Күні кеше Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде жиналдық. Дастарханға спирттік ішімдіктер де қойылды. Домбыраға ұқсас бір шыны ыдысты көзім шалып қалды.

Алғашында мән бермедім, сөйтсем ол кәдімгі арақ екен. Қатты таң қалдым. Ең жетпегені домбырамыздың мүсіні іспеттес спирттік ішімдік шығару қалып еді. Шыны керек, қатты ашуым келді.

Өзім спирттік ішімдік мүлдем ішпегендіктен бе, мұндай арақтың барын білмеппін. Абысынымның айтуынша, бұл арақтың нарыққа шығарылғанына біраз уақыт болыпты», - деді тұрғын Аян Есжанова.
Арақт

Сондай-ақ, ол қазақтың киелі домбырасын "қорлап", сол арқылы ақша тауып жүрген кәсіпкерлерге деген ренішін білдірді.

«Әлгі арақтың атауы да «Домбыра» екен. Қорабында домбыра ұстап отырған қазақша шапан киген ер азаматтың суреті бейнеленген.

Алкоголь бизнесінің табысы мол екенін естігенім бар, бірақ, оны шығаратындар атауына мән берсе деймін. Құндылықтарымызды бұлай таптамаса деген тілегім бар», - деп сөзін түйді шымкенттік ана.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
19
3
3
4
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel