RU
Ғазизхан Шекербековтың сұлу қызбен түсірген бейнебаяны көпшілікке ұнап қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ғазизхан Шекербековтың сұлу қызбен түсірген бейнебаяны көпшілікке ұнап қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Көптеген хит әндердің авторы, әнші Ғазизхан Шекербеков пен актриса Айнұр Бабаеваның "Кінә бар" атты әнге түсірген бейнебаяндары көпшіліктің қошеметіне бөленді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ғазизхан Шекербеков. Фото: NUR.KZ

Ғазизхан Шекербеков. Фото: NUR.KZ

Олардың күні кеше жарық көрген бейнеклиптерін бір күнде елу мыңнан аса адам тамашалап үлгеріпті.

Ғазизхан аталмыш әнді "Дауыс International" тобының бұрынғы әншісі Айнұр Бабаевамен бірге орындаған.

Су жаңа бейнебаянның көңілдерінен шыққанын айтқан желі қолданушылары Шекербековке сәттілік тіледі.

«Жарайсыз», «Ән де, бейнебаян да ұнады», «Осындай сәтті жобаларыңыз көбейе берсін», - деп жылы лебіздерін білдірді тыңдарман.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
4
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір