RU
Қанат Бозымбаев: Мен кезінде кәсіби бокспен айналысқанмын
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қанат Бозымбаев: Мен кезінде кәсіби бокспен айналысқанмын

Рассказать Вконтакте

Тұнғыш республикалық «Халық барысы» турнирінің баспасөз мәслихатына энергетика министрі әрі қазақ күресі халықаралық федерциясының президенті Қанат Бозымбаев қатысты. Ақпарат өкілдері оған кішкентай кезінде қандай спорт түрімен шұғылданғаны жөнінде сұрақ қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: obozrenie.kz

фото: obozrenie.kz

Қанат Бозымбаев журналистердің сауалына бірден жауап берген. Министрдің айтуынша, ол ұлттық күреске мүлдем жақын болмаған, айналысып та көрмепті.

«Мен Алматыда туылып өстім. Бокспен кәсіби тұрғыда айналысқанмын. Тіпті бірнеше жетістіктерім де бар», - деді ол.

Министр кішкентай кезінде бірнеше жыл дзюдоға қатысқанын да айтты. Алайда дене пішіні сай келмегендіктен боксты таңдап кетіпті. Өз замандастарына қарағанда оның бойы шамадан тыс ұзын болған.

«Біздің елде боксты шынымен де дамытып жатқан адамдар баршылық. Сол себепті оларға кедергі келтірмей, тек қана қолдау көрсету керек», - деді миниистр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel