RU
ШҚО-да жантүршігерлік жол-көлік апатынан бес адам мерт болды
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да жантүршігерлік жол-көлік апатынан бес адам мерт болды

Рассказать Вконтакте

Сәрсенбі күні Өскемен – Алматы тасжолында жантүршігерлік жол-көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан бес адам көз жұмған. Олардың ішінде кішкентай бала да бар деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: odessa.report

Фото: odessa.report

Бұл туралы ІІМ-нің өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді.

Жол-көлік апаты Таскескен ауылының маңында болған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, үлкен жылдамдықпен келе жатқан автокөлікпен соқтығысты.

Оқиға салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы мерт болған. Жолаушылардың бірі бес жасар бала болып шықты. Олар оқиға орнында жан тапсырды.

Тағы да екі адам ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
7
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel