RU
ОҚО-да парамен ұсталған лауазымды шенеунік бес жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да парамен ұсталған лауазымды шенеунік бес жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

ОҚО əлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Сəтжан Полатовқа қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО тау

Сәтжан Полатов. Фото: TVK

Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары Алмас Меңлібаев сотталушыны 5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сəтжан Полатов және оның сыбайластары жалпы сомасы 5,9 млн теңге пара алды деп айыпталды.

Айта кетейік, Полатовтың ісіне қатысты тағы төрт тұлға сот алдында жауапқа тартылуда. Полатовпен бірге пара алу кезінде басқарманың бас маманы да құрықталған еді.

"Тағы үш бірдей ауданның əлеуметтік бағдарламалар жəне жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің басшылары да пара алу кезінде қолға түскен. Ордабасы, Созақ, Төлеби, Бәйдібек аудандарының бөлім басшылары млн теңгеден алған", - делінген еді ресми хабарламада.

Осылайша Сəтжан Полатов Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 3 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үйінен алынған 1000000 теңге "Лидер" ЖШС не қайтарылады. Үкім 2017 жылдың 15 қыркүйегінен бастап есептелінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір