Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар: Бірінші жыныстық қатынас кезінде еркектер де пәктігінен айырылады

Опубликовано:

Әлемдік мамандар бір ауыздан еркектердің де пәктігі болатынын айтты. Олардың айтуынша, ер адамдардың жыныс мүшесінің өзіндік дәнекер қабығы бар деп хабарлайды kaktus.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Onedio
Көрнекі фото: Onedio: UGC

Алғашқы жыныстық қатынас қыздарға сияқты, ер адамдарға да ауыртпалы түрде өтеді. Белсенді қатынас кезінде олардың жыныс мүшесіндегі дәнекер қабығы жыртылып, олардан да қан бөлініп шығуы мүмкін дейді мамандар.

Бұл процестің өзі де пәктіктен айырылыу болып есептелінеді.

Бұл мәлімдемені әйелдер қауымы да өмір серігін таңдаудағы құндылық негізінде қабылдауына әбден болады. Сүйіктіңіздің пәк болуы инфекциялар жоқтығының кепілі болмақ.

Бүгінгі күні ер азаматтар әйелдер қауымына қоятын басты талаптары – қыздың қыз қалпында болуы. Алайда, жыныстық қатынас инфекция таратудың басты түрі болып есептелмейтінін аңғарған жөн.

Мамандардың айтуынша, «пәктік – тазалықтың белгісі» деген тұжырымдар көбірек әйел алдындағы билікті іске асыру үшін ойластырылған болып көрінеді.

«Бұл мәселе гендерлік сұрақ іспеттес. Ол гендерлік құндылықтарды құрастырумен тығыз байланысты болып келеді. Себебі құндылықтар арқылы еркектер әйел алдындағы қосымша билігін нығайта түскісі келеді», - деп қорытындылады олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1726121-mamandar-birinsi-zynystyk-katynas-kezinde-erkekter-de-pktiginen-ajyrylady/

pixel