RU
Абсолютті әлем чемпионы Головкиннің қай боксшыдан қорқатынын айтты
Жаңалықтар Әлемде

Абсолютті әлем чемпионы Головкиннің қай боксшыдан қорқатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Бірінші орта салмақтағы WBA Super, WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Теренс Кроуфорд қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Деметриус Андрадемен жұдырықтасудан бас тартуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Абсолютті әлем чемпионы Головкин қай боксшыдан қорқатынын айтты

Абсолютті әлем чемпионы Головкин қай боксшыдан қорқатынын айтты

Головкиннің командасы 5 мамырда Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке Андраденің кандидатурасын қарастырмауға шешім қабылдаған екен. Деметриус твиттердегі парақшасында бұған өкініш білдіріпті. Отандасына Кроуфорд жауап қатты.

"Олар сенен қашып жүр, сен оны білесің", — деп жазды Кроуфорд.

Головкиннің промоутері таяуда берген сұхбатында бес үміткерді қарастырып жатқанын мәлімдеді, алайда олардың арасында Андраде жоқ.

Бұған дейін GGG-дің командасы бұл жекпе-жекте Андрадеге мүдделі емес екенін боксшының өзіне де хабарласып, ескерткен көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel