RU

Алматы тауынан 19 жастағы қыздың денесі табылды

Алматыдағы тау бөктерлерінен 19 жастағы студенттің мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған деп хабарлайды NUR.KZ.

19 жастағы қыздың денесі табылды
19 жастағы қыздың денесі табылды: UGC

Қалалық ІІД Алматы аталмыш ақпарды растады. Ведомство мәліметінше, оның мәйіті 7 сәуір күні табылған. Келтірілген болжам бойынша, бойжеткен өз өмірін өлімге қиған боулы мүмкін.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, ол Абылай хан атындағы шшет тілдері және халықаралық қатынастар университетінде оқыған.

Марқұмның танысының сөздеріше, ол 5 сәуір күні жоғалып кетіпті. Бойжеткен оқу орнына қарай бет алса да, сабақта көрінбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726136-almaty-tauynan-19-zastagy-kyzdy-denesi-tabyldy.html