RU
Қарағандылық "жеңгетайлардың" қылмыстық тобы тұтқындалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық "жеңгетайлардың" қылмыстық тобы тұтқындалды (видео)

Рассказать Вконтакте

2 сәуір күні Қарағанды облысының полиция қызметкерлері жеңгетайлардың қылмыстық тобын тұтқынға алды. Ұйымның 27 жастағы басшысы мен төрт өкілі бойжеткендерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Қарағанды Облысы ІІД

Фото: Қарағанды Облысы ІІД

Қылмыскерлерді тұтқындау кезінде тәртіп сақшылары арнайы бейнетүсірілім жасаған. Видеода жедел топ қызметкерлері тұтқындалушылардың қолына кісен салып, қалталарындағы ұялы телефондары мен қаруларын тәркілеп жатқаны көрініс тапты.

Оған қоса қылмыскерлерге олардың құқықтары мен міндеттері айтылған.

Сонымен қатар, бейнежазбада тұтқындалушылардың облыс аумағында адам саудасымен айналысқаны туралы айтылды.

Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз мәслихаты күдіктілер тобы ақпан айынан бастап жіті бақылауда болғанын айтып, тұтқындау жағдайын растады.

«Бұл оқиғаға байланысты бірқатар қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті», - деп мәлімдеді ІІД-нің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel