RU

Ауа райы болжамы: Еліміздің оңтүстігінде 30 градусқа дейін күн ысиды

Қазақстан аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттар кей жерлерге жауын-шашын, жаңбыр және ылғалды қар алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы аздап төмендейді деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауа райы болжамы
Ауа райы болжамы: UGC

Еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарына фронттардың артынан Орта Азиядан жылы ауа келеді.

13 және 14 сәуірде күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 20-25 дейін, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін, шығыста 13-18, кей жерлерде 21 градусқа дейін ауа жылынады.

Қызылорда және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланған.

12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман; күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі

12-ші сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726150-aua-rajy-bolzamy-elimizdi-otstiginde-30-graduska-dejin-kn-ysidy.html