RU
"Наурыздың сиқырлы түні: Қуыршақ театры айрықша кеш өткізбекші
Жаңалықтар Пресс-релизы

"Наурыздың сиқырлы түні: Қуыршақ театры айрықша кеш өткізбекші

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры республикамыздағы 83 жылдық тарихы бар үлкен ұжымдардың бірі. Қазақ жерінде өткен ғасырдың басында пайда болған қара шаңырақ бірнеше буын жастарды тәрбиелеп, балдырғандардың жан-жақты азамат болып қалыптасуына өз үлесін қосып келеді.

"Наурыздың сиқырлы түні: Қуыршақ театры айрықша кеш өткізбекші

"Наурыздың сиқырлы түні: Қуыршақ театры айрықша кеш өткізбекші

Биылғы маусымның өзінде «Ана жүрегі» (авт.Е.Ионов, реж.А.Зайцев), «Аква ертегі» (авт.А.Сергеев, реж.О.Ақжарқын-Сәрсенбек), «Ана-Жер ана» (авт.Ш.Айтматов, реж. Д.Жұмабаева), «Тоба» (авт.Е.Жуасбек, реж.Ж.Жұманбай), «Сағыныш шөбі» (авт.Р.Отарбаев, реж.Р.Жаныаманов) сынды сан түрлі оқиғаларды сахналайтын қойылымдар көрермен назарына ұсынылып, көпшіліктің зор қошеметіне бөленді.

"Наурыздың сиқырлы түні: Қуыршақ театры айрықша кеш өткізбекші

"Наурыздың сиқырлы түні: Қуыршақ театры айрықша кеш өткізбекші

Өнер ордасы ұлттың рухани қажеттілігін өтеумен қатар, бірнеше республикалық, халықаралық фестивальдерде топ жарып, қазақтың қуыршақ өнерін өркендету жолында толассыз еңбек етуде.

Осы ретте, Мемлекеттік қуыршақ театры 21наурыз – Халықаралық театр күніне орай алғаш рет 15-18 наурыз күндері аралығында «Қуыршақтар шақырады – 2018» фестивалін өткізді.
"Наурыздың сиқырлы түні: Қуыршақ театры айрықша кеш өткізбекші

"Наурыздың сиқырлы түні: Қуыршақ театры айрықша кеш өткізбекші

Осылайша, дәстүрлі қуыршақ өнерін жаңғыртып, жас ұрпақты ізгілік идеяларына тәрбиелеу жолында еңбек етіп жүрген қуыршақ театрының ұжымы биыл жыл басы, жаңару мен жасарудың, береке-бірліктің мейрамы – Әз-Наурызды ерекше тұрпатта атап өтпек.

Бір ай көлемінде тойлату мақсатында ұйымдастырылып отырған ұлттық мерекеміздің аясында өнер ордасы 14 сәуір күні, сағат 20:00-де «Мың бір түн» ертегісінің желісі бойынша Антон Зайцевтің режиссерлігімен «НАУРЫЗДЫҢ СИҚЫРЛЫ ТҮНІ» атты мерекелік жаңа қойылымды көрермен назарына ұсынбақ.

"Наурыздың сиқырлы түні: Қуыршақ театры айрықша кеш өткізбекші

"Наурыздың сиқырлы түні: Қуыршақ театры айрықша кеш өткізбекші

Шараның басты ерекшелігі – күн батып, іңір басып, кеш қонғанда театр ауласына екі бірдей қазақ ауылдарының қоныс құрып, хайуанаттар бағы мен цирктен сиқырлы өнерпаздардың келуі болмақ.

Кеште «Қазақ ауылы» мерекелік қойылым ұсынып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптесе, «Шеберлер» ауылының кейіпкерлері сан түрлі аспаптарда ойнап, олардың жасалу жолдарын көрсетіп, шеберлік сағаттарын өткізумен қатар, жәрмеңке де ұйымдастырмақ.

Мемлекеттік қуыршақ театры Алматы қаласынының тұрғындары мен қала қонақтарына сан ғасырлық дәстүрлі мейрамды кеңінен дәріптеп, әдеп-ғұрыпты ұлықтау мақсатында қадірлі өнер сүйер жандардың жанына рухани азық сыйлап, көңіл пердесін әдемі күйге бөлеу үшін аталмыш мерекені бірге тойлауға шақырады!

Гүлім КӨПБАЙҚЫЗЫ,

«Әкімшілік және ақпарат» бөлімінің жетекшісі

Байланыс телефоны: +7 (727) 234-79- 21

+7 (775) 628 28 48

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel