RU
Сымы үзіліп,тежегіші істен шыққан: Ақтөбеде 150 лифтіні қолдануға тыйым салынды
Жаңалықтар Қоғам

Сымы үзіліп,тежегіші істен шыққан: Ақтөбеде 150 лифтіні қолдануға тыйым салынды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 28 жастағы келіншекті қысып қалып, мерт қылған лифтідегі қайғылы оқиғадан кейін арнайы комиссия құрылып, қаладағы жеделсатыларды тексерген. Олар сымы үзіліп, тежегіші істемесе де, тұрғындар пайдаланып жүрген қауіпті лифтілерді біршамасын жауып тастады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Сарапшылар жеделсатыға кірмей-ақ, қауіпсіздікке жауапты мамандардың еш рұқсат құжатының жоқтығына таң қалды. Олар тексерген алғашқы лифтінің сымы әрең ілініп тұрыпты. Егер ол үзілсе ішіндегі адам аман қалмайды екен. Өйткені төменнен ұстап тұратын тежегіш әбден тозып, жоқ болған.

"Лифт 85 жылғы. Енді 25 жыл өтті. 2017-де паспортында штамп тұр. Жеделсаты жүруге тиіс емес. Енді оның қалай жүргенін құдай білсін. Болмаса жауып тастау керек", - дейді тексеру комиссиясының сарапшысы Бақытжан Кенесарин.

Ақтөбеде дәл осындай 300 лифт ескірген екен. Олардың барлығының дерлік қолдану мерзімі бітіпті. Кейбірінің есігі дұрыс жабылмайды, ал кейбірінің тіпті сымы үзілгелі тұр. Ол адам өміріне қауіпті. Сондықтан үш жүз лифтінің тең жартысын тексеру комиссиясы жауып тастады.

Жалпы қаладағы лифтілерді қадағалап отыратын мекеме жоқ. Жеделсатының біріне пәтер иелері кооперативі жауап берсе, басқалары жеке компаниялардың құзырында. Кооперативтегілердің өздері лифтіні мемлекет қарауына алса екен деп отыр. Себебі "жекеменшік компания лифтінің жадайына бас қатырмайды" дейді олар.

Еске салсақ, 4 сәуір күні Ақтөбеде лифтіге мінген журналист әйел қайтыс болды. Ол кабина мен шахтаның екі ортасында қалып кеткен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel