RU
Павлодарда Германия азаматын өлтірген екі бойжеткен 16 жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда Германия азаматын өлтірген екі бойжеткен 16 жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

20 жастағы бойжеткендер Павлодарда Германия азаматын пышақтап өлтірген. Енді олар жасаған қылмысы үшін 16 жылға бас бостандықтарынан айырылды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Тергеу материалдарына сәйкес, марқұм болған шетел азаматы жалдамалы пәтерге бірге ертіп келген қызды ренжітіп қояды. Жігітпен әңгімесі жараспай қалған бойжеткен үйден шығып кеткен екен. Бірақ көп ұзамай даяшы болып істейтін құрбысымен қайта оралыпты.

Құрбы қыздар пәтерге құр қол келмей, өздерімен пышақ ала келген. Олар ішке кірген соң германиялық азаматты 20 шақты жерінен пышақтап, ақырында бауыздаған. Кейін дым болмағандай оқиға орнынан іздерін суытқан.

Қайтыс болған азамат өзін өлтірген қыздардың бірімен таныс болған. Өйткені марқұм жігіт бұған дейін Павлодардағы музыкалық колледжде білім алған көрінеді. Германия азаматы болғанымен, Керекуге қонаққа жиі келіп жүріпті. Ал сот үкімін тыңдауға аталған елден жігіттің жақындары келді.

Еске салсақ, қанды оқиға былтыр қазан айында шаһардағы жалдамалы пәтерлердің бірінде орын алған болатын. Шетел азаматының қан жоса денесі ондағы балконнан табылған еді. Ал бұл қылмыстың ізін суытпай ашуға тұрғын үйдің кіреберісінде орнатылған бейнебақылау камерасының септігі тиген. Яғни, жалдамалы пәтерге қайта оралған қыздардың бет-жүзі онда түсіп қалған.

Бұған қоса, көп ұзамай құрықталған бойжеткендер тергеушілерге қылмысты қалай және қай жерде жасағандарын тәптіштеп айтып берген. Ал пәтерге жігітпен алғаш боп келген бойжеткеннің өзі шаһардағы медицина колледжінің екінші курс студенті екен.

Осылайша «Топ болып адам өлтіру» бабы бойынша айыпталған 20 жастағы қос ару 16 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Бұл жазаны олар жалпы тәртіптегі колонияда өтеулері тиіс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel