RU
Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз ойын-сауық орталығынан табылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз ойын-сауық орталығынан табылды

Рассказать Вконтакте

Алматыда із-түзсіз жоғалған 15 жастағы қыз аман-есен табылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз ойын-сауық орталығынан табылды. Фото: MEGA баспасөз қызметі

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз ойын-сауық орталығынан табылды. Фото: MEGA баспасөз қызметі

Жетінші сәуір күні жоғалған Арайлым бес күн бойы хабарсыз кеткен. 11 сәуір күні оқушы Алматыда ойын-сауық орталықтарының бірінен табылды.

MEGA Alma-Ata орталығының өкілі Ирина Морозованың айтуынша, орталық әкімшілігіне оқушының туыстары жүгінген. Олар Арайлымның кітап дүкеніне баруды ұнататынын біліп, орталықтан мұқият болуларын өтінеді.

Нәтижесінде болжам расталып, оқушы қызды орталық күзетшісі кітап дүкенінен тапқан.

Туыстарына дереу хабар берілгеннен кейін, Арайлымды алып кетуге апайы келді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
1
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel