RU
Теңге құлдырағаннан кейін ұшақ билетінің бағасы көтеріліп кетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Теңге құлдырағаннан кейін ұшақ билетінің бағасы көтеріліп кетті

Рассказать Вконтакте

Теңге тағы алты теңге 26 тиынға құнсызданып, 331-ге жуықтады. Ал азаматтық авиация саласында әлден қымбатшылық байқалуда деп хабарлайды КТК арнасы.

Теңге. Көрнекі фото: Kursiv.kz

Теңге. Көрнекі фото: Kursiv.kz

Доллар бағамы қымбаттағаны сол еді, антиресейлік санкция әсерінен әуе билеттерінің сомасы да көтеріле бастаған. Әсіресе, шет елге ұшатындар енді көбірек шығындалады. Себебі, халықаралық рейстердің билет құны еуро және доллармен бекітіледі екен.

"Доллар, еуро бойынша билеттер бағасында өзгеріс жоқ. Бірақ, теңге шетелдік ақшаларға қатысты арзандады. Сәйкесінше, теңгемен есептегенде билет құны көтерілгенін байқаймыз. Валюта нарығындағы кез-келген құбылу ұшу бағасына әсер етеді", - дейді «Transavia» компаниясының өкілі Евгений Матвеев.

Мамандар көп ұзамай дәрі-дәрмектердің де қымбаттайтынын айтады. Тіпті тұрмыстық техника мен үйде қолданылатын химиялық заттардың бағасы да көтерілмек.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір