RU
Ақтау тұрғыны қызының өзіне қол салуына сынып жетекшісін айыптады
Жаңалықтар Қоғам

Ақтау тұрғыны қызының өзіне қол салуына сынып жетекшісін айыптады

Рассказать Вконтакте

Ақтауда сегізінші қабаттан секіріп көз жұмған 17 жастағы оқушының ата-анасы қызының өзіне қол салуына бірге оқитын құрбылары мен сынып жетекшісімен арада болған кикілжің себеп деген пікірде деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқушы. КТК арнасынан скриншот

Оқушы. КТК арнасынан скриншот

Полиция «өлімге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 10 сынып оқушысы Мәдина оқу озаты болған екен. Алайда, бірге оқитын құрбылары мен сынып жетекшісі арасындағы жанжал оның тағдырын күл талқан етті дейді анасы.

"Мен бұған сынып жетекшісін кәнілаймын. Кабинеттен күйзеліп шыққан оқушыны жай жібере салуға оның құқығы жоқ. Ол қызымды осындай халге түсіре тұрып, жібере салған. Ата-анасына, яғни бізге хабарласып барлық жағдайды баяндауы керек болатын", - дейді Нәйла Нарымбаева.

Белгілі болғандай, марқұм мен төрт құрбысының арасында жанжал болғанда, сынып жетекшісі олармен жабық кабинетте жиын өткізген.

Кейін жылап шыққан оқушы, мектепке жақын тұрғын үйдің сегізінші қабатынан секіріп кетіпті. Тіпті, жолай досына хабарлама жазып, ата-анасын қатты жақсы көретінін жеткізген.

Мектеп ұжымы бұл жайтқа қатысты қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

"Мектеп бұрынғыша өзінің жұмысын жалғастырып отыр. Осыған дейін ата-ана, оқушылар тарапынан, әлеуметтік желіде жазылған мәселе бойынша осы мекемеге қатысты Ақтау қалалық білім бөліміне арыз-шағым түскен жоқ", - дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаева.

Марқұмның анасы айыптап отырған сынып жетекшісі де жұмысын жалғастырып жатыр екен. Ал оқушылар мен мұғалім арасында қандай әңгіме болғаны әзірге жұмбақ.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір