RU
Қырғызстандық депутаттар бас прокурорды отставкаға жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Қырғызстандық депутаттар бас прокурорды отставкаға жіберді

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Жогорку Кенеші президент Сооронбай Жээнбековтің бас прокурор Индира Жолдубаеваны отставкаға жіберу туралы ұсынысын қабылдады. Шешімді 105 депутат қолдап дауыс берсе, екеуі қарсы шыққан деп хабарлайды Centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қырғызстандық депутаттар бас прокурорды отставкаға жіберді

Индира Жолдубаева
Source: UGC

Парламент депутаты Жанар Акаев отырыста сөз сөйлеп, қызметтен шығарылған бас прокурор мен МҰҚК төрағасы "саяси тапсырыстары" үшін жазалануы тиіс деп мәлімдеді.

"Қырғыз шенеуніктері үшін ең үлкен жаза - отставка. Біз бұны түсініп үлгердік. МҰҚК төрағасы, бас прокурор адамдардың тағдырларымен ойнап, мұнда [парламентте] біз бақпай біздің сөзімізді бөліп отырды. Біз неге оларды тек қана отставкаға жібере салуымыз керек? Бұлай болмауы тиіс.
Олар адамдардың тағдырлары мен саяси тапсырыстары үшін жауапқа тартылуылары керек. МҰҚК жаңа төрағасы мен бас прокурор саяси тапсырмалар орындамас үшін, біз оларды жауапқа тартуымыз қажет", - деді ол.

Индира Жолдубаева бұл қызметке 2015 жылдың қаңтарында сол кездегі президент Алмазбек Атамбаев ұсынысымен тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel