RU
Шымкентте төрт адамды қаққан "ерке" баланың дөкей әкесі сот алдына келді
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте төрт адамды қаққан "ерке" баланың дөкей әкесі сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 49 жастағы Түркістан тумасы Ерехан Сүлейменов сот алдына келді. Ол ақша бопсалап, пара берді деп айыпталуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкентте төрт адамды қаққан "ерке" баланың дөкей әкесі сот алдына келді. Коллаж: nur.kz

Шымкентте төрт адамды қаққан "ерке" баланың дөкей әкесі сот алдына келді. Коллаж: nur.kz

Іс материалдарына сәйкес, қылмыс әлемінде Ероха есімімен танымал Ерехан Сүлейменов прораб қызметін атқарып жүріп, бизнесмендерден ақша бопсалаған. Одан бөлек миллиондаған сыйақыға кәсіпкерлердің салық қызметімен туындаған мәселелерін шешуге кіріскен көрінеді.

Ереханның адвокаттары бірінші отырыста соттың жабық өтуін талап еткенімен, судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Айта кетерлігі, Сүлейменовтің ұлы Исмаил да қоғам назарына іліккен болатын. Өткен жылдың тамызында Исмаил төрт адамды көлігімен қағып, адам өліміне себепкер болған. Оны соттағанымен, кейін рақымшылыққа іліккен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
0
5
4
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір