RU
Баласынан "ана" сөзін естіп көрмеген қызылордалық келіншек жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Баласынан "ана" сөзін естіп көрмеген қызылордалық келіншек жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

33 жастағы Қызылорда тұрғыны Әсем балалары оны "ана" деп атамайтынына қапалы. Анасын атымен атайтын балаларды әжесі тәрбиелеп отырған көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Отбасы. Фото: Turkystan.kz

Отбасы. Фото: Turkystan.kz

"Тұрмысқа шыққанымда 23-те едім. Бірнеше жылдан кейін ұлды болдым. Санжар алғашқы немересі болғасын, олар ұлымды жақын тартты. Баламды төрт айлығынан бастап бөлек жатқызатын болды.

Енем баламды емізгеніме қарсы болды. Балам маған бауыр басып кетеді деп қорықты. Ал баламның тілі шыға бастағанда, оған мені "ана" демей, атыммен атауды үйрете бастады", - дейді Әсем.

Бүгінде Әсемнің екі ұлы бар. Екеуі де анасын атымен атап, әкесіне "көке" дейді екен. Енесінің көзінше балаларын еркелете алмайтын келіншек балаларының болашағы үшін алаңдап отыр.

"Бүгінде өз ұлдарым мені сыйламайды. Енемнің болса, жасы келді. Ертелі-кеш о дүниелік болады. Сол кезде біз не істейміз? Балаларды қалай өз тәрбиемізге аламыз? Мен бұл жайтты енеме айтқаныммен, ол маған құлақ асар емес. Бұл туралы күйеуім әңгіме қозғағанда, ол бізді үйден қуып жіберуге шақ қалды", - дейді Әсем.

Фото: nazarnews.kg

Фото: nazarnews.kg

Қызылордада дәл осындай күй кешіп отырған отбасылар баршылық. Жұлдыз есімді бойжеткен әлі күнге дейін анасын атымен атайтынын айтуда.

"Мен отбасында үлкенімін. Өмір бойы әжемнің тәрбиесінде болып, оны "ана" деп атап келдім. Ол қайтыс болғаннан кейін жападан жалғыз қалғандай сезіндім. Туған ата-анама үйрене алмадым. Әлі күнге дейін анамды атымен атаймын... Әжемнің қазасы маған ерекше ауыр тиді", - дейді Жұлдыз.

Тұңғышын енесіне табыстау дәстүрі бұл өңірде әлі күнге дейін сақталып келеді. Мамандар мұндай тәжірибе баланың психикасына ауыр тиюі мүмкін екенін ескертуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
5
1
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір