RU
Павлодарда кедейліктен әбден қиналған әйел екі баласынан бас тартты
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда кедейліктен әбден қиналған әйел екі баласынан бас тартты

Рассказать Вконтакте

Павлодарда жалғызбасты ана ұлы мен қызын арнайы орталыққа өзі ертіп әкеліп, тапсырып кетті. Бұл әрекетін тұрмыстық қиындықтармен түсіндірген әйел "жағдайымды реттегесін қайта алып кетемін", - депті. Бүгінде екі бала анасын күн сайын күтумен жүр деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда кедейліктен әбден қиналған әйел екі баласын тапсырып жіберді

Павлодарда кедейліктен әбден қиналған әйел екі баласын тапсырып жіберді
Source: UGC

Жұмыссыздық пен баспананың жоқтығы әйелді осындай қатігездікке баруға итермелеген сыңайлы. Білім бөліміндегілердің болжамы осындай.

16 жастағы қызы мен 6 жасар ұлын арнайы мекемеге тапсырған ана ізінше тайып тұрған. Бүгінде балалардың жағдайы тәуір. Жатар орын және бес уақыт тамақпен қамтылған. Тіпті оқуын да жалғастырып жатыр. Олармен психолог мамандар жұмыс істеуде.

"Барлығын түсінеді, яғни орын алған жағдайды. Анасына қайта қосыламыз деген үмітте балалар. Біздің орталығымыздың жағдайына ойдағыдай бейімделіп жатыр. Бүгінгі күні ешқандай қиындық туындап жатқан жоқ", - дейді Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы басшысының орынбасары Меруерт Бүкебаева.

Қамқоршылық органның ақпарынша, әйел - Семей қаласының тумасы. Павлодарға көшіп келіп, ұл-қызымен пәтер жалдап тұрған. Анықталғандай, балалардың әкесі бар екен. Бірақ келіншек оның қайда екенінен бейхабар.

"Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Біз әдетте жағдайы төмен жалғызбасты аналармен алдын ала жұмыс жүргізетінбіз. Қазір керісінше болып тұр. Әйел балаларын өзі ертіп келіп, тапсырды. Жұмысқа орналасып, балаларына жағдай жасауға тырысатынын айтып кетті", - дейді Павлодар қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Әсия Дүйсенбекова.

Көздері жәудіреген екі бала да, бейімдеу орталығының өкілдері де қатігез ананың қайта ораларынан үмітті.

Егер 3 айдың ішінде ештеңе өзгермесе, әйелге қатысты шара қолдануға тура келеді. Яғни білім бөлімінің мамандары сотқа жүгініп, оны тіпті аналық құқығынан айыруға дейін бармақшы.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel