Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

50 жасқа толған Гүлзира Айдарбекова құшақ-құшақ гүлдің астында қалды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандағы ең танымал әншілердің бірі - Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова бүгін 50 жасқа толған туған күнін атап өтуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова. Фото: reactor.inform.kz
Гүлзира Айдарбекова. Фото: reactor.inform.kz: UGC

Продюсерді жақындары құттықттап, құшақ-құшақ гүл шоқтарын ұсынған.

"Балаша мәз болып тұрғанымда, жасымды естіп қорқып кеттім. Елу ма деппін. Сөйтсем, 25+25 екен ғой", - деп әзілдеді Айдарбекова.

Желі қолданушылары да Айдарбекованың атаулы күнін назардан тыс қалдырмай, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

"Туған күніңіз құтты болсын", "Жүз жасаңыз", "Балаларыңыздың, немерелеріңіздің қызығын көріңіз", "Аман-есен жүре беріңіз" деп жарыса жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1726203-50-zaska-tolgan-glzira-ajdarbekova-ksak-ksak-gldi-astynda-kaldy-video/

pixel