Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Әсел Баяндарованың анасын көлік қағып кетті (фото)

Опубликовано:

Танымал қазақстандық блогер Әсел Баяндарова Facebook парақшасында анасын көлік қаққанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әселдің анасы. Фото: facebook.com/asselbayandarova
Әселдің анасы. Фото: facebook.com/asselbayandarova: UGC

Баяндарованың сөзіне сенсек, оның анасы көшені ережеге сәйкес, жасыл түс жанғанда кесіп өтпек болыпты. Алайда оны көлік жүргізушісі оны қағып, кейін емханаға жеткізген.

Оқиғаға кінәлілер Әселдің анасынан болған жайтты тәртіп сақшыларына айтпауды өтініпті.

"Тіпті еміне бар қаражатты төлейміз деген уәдемен ақылы травматология бөліміне жатқызған екен. Әрине тек ол өзі құлап қалғанын айтып, шындықты ешкімге жария етпейді деген шартпен", - дейді Әсел.

Блогер бұл жайтқа ашулы екенін жасырмады.

"Менің анама психологиялық тұрғыдан әсер етуді доғаруларыңызды сұраймын. Аулақ жүріңіздер. Сіздер екі қылмыс жасадыңыздар. Біріншіден, жылдамдықпен адамды жүргіншілер жолында қақтыңыздар, екіншіден, қарт кісіні алдадыңыздар.

Сіздер жарақаттан есі кіресілі-шығасылы күйге түскен зардап шегушіге қысым көрсетпей, мені хабардар етуге тиіс едіңіздер...", - дейді Баяндарова анасын қаққандарға.

Ол оқиға күндізгі бірлер шамасында болғанымен, бұл жайтты тек кешкі онда білгенін алға тартты.

Әсел жол апаты болған Наруызбай батыр мен Қазыбек би көшесінің қиылысында бейне бақылау камерасы барын және оқиға куәгерлері де табылатынын ескертуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726213-atysuly-sel-baandarovany-anasyn-klik-kagyp-ketti-foto/

pixel