Путин: Әлемді бей-берекетсіздік жайлап, жағдай ушығып барады
Ресей президенті Владимир Путин әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығып бара жатқанын және ол алаңдаушылық туғызбай қоймайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Дегенмен, бәрібір түбінде парасаттылық үстемдік құрады, халықаралық қатынастар конструктивті арнасына түседі және әлемдік жүйе бұрынғыдан да тұрақты әрі болжауға болатындай қалыпқа келеді деп үміттенеміз", - деді Путин шетел елшілерінің өзіне сенім грамотасын тапсыру салтанатында.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді Сирияның Дума қаласындағы химиялық шабуылға жауап ретінде зымыран соққысын беруге дайын болуға шақырып, сес қылған.
Болжам бойынша, соққы бірер күнде жасалуы мүмкін. Осыған байланысты Сирияның үкімет әскері Хмеймимдегі Ресей әскери базасына көшірілді. Сонымен қатар, Башар Асад әскерінің бас штабы да эвакуацияланды.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
2
0
4
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір