RU
Алтынбек Сәрсенбаевтың туған інісі мезгілсіз қайтыс болды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алтынбек Сәрсенбаевтың туған інісі мезгілсіз қайтыс болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алтынбек Сәрсенбайұлының туған інісі, "Жас Алаш" газетінде қызмет атқаратын Рымбек Сәрсенбайұлы 54 жасында мезгілсіз қайтыс болды деп хабарлайды "Қамшы" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алтынбек Сәрсенбаевтың туған інісі мезгілсіз қайтыс болды (фото)

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Республикаға танымал қоғам қайраткері, белгілі журналист Рысбек Сәрсенбайұлы мен марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының інісі Рымбек Сәрсенбайұлы өмірден озды.

Көп жылдар бойы «Жас Алаш» газетінде жұмыс істеген ол 54 жасында қайтыс болды.

"Тәуелсіз басылымның ыстық-суығына күйіп, үздіксіз жарияланып тұруына бір кісідей атсалысқан азамат Сәрсенбаевтар әулетіндегі Алтекеңнен кейін өмірге келген ұл еді. 54 жасында мезгілсіз қайтыс болды.

Қайғы мен қасіреттің, қастық пен қысастықтың сан түрін көрсе де, алтын басын еңкейтпей келе жатқан Рысбек ағаға және Сәрсенбаевтар әулетіне қайғыра көңіл айтамыз! «Қайғыны бөліссе, азаяды» дейді. Аға, тағдырдың Сізге көрсеткен ауыр сынағы біздің де қабырғамызды қайыстырды.

Марқұмның иманы жолдас, топырағы торқа болсын! Бұл жалғыз Сізге емес, Сізді ақиқатшыл журналист, халықшыл тұлға, ел мен жерді шынайы сүйетін азамат ретінде таныған, мойындаған көпшілікке ортақ қайғы. Бекем болыңыз!", - деп жазды "Қамшы" порталы.

Марқұмның қонақ асы 11 сәуір күні Затаевич №31 көшесіндегі «Дильназ» кафесінде сағат 19.00-де қонақасы берілмек. Ал жаназасы сағат 11.00-де Шашкин көшесіндегі №40 (Әль-Фарабиден жоғары) үйде берілмек.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
44
4
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір