RU
Өзге қыздармен көңіл қосқысы келген азамат өз әйелін атып өлтірген
Жаңалықтар Әлемде

Өзге қыздармен көңіл қосқысы келген азамат өз әйелін атып өлтірген

Рассказать Вконтакте

Америкадағы Мэн штатының тұрғыны Люк Тиман өз әйелін атып өлтіріп, оның денесін орманға көміп тастаған. Ол басқа әйелдермен көңіл қосқысы келгендіктен бұл қылмысқа барған сыңайлы. Сүйіктісін жерлеген жерден табылған заттар полиция қызметкерлерін қатты таңғалдырды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

34 жастағы Люк Тиман әйелі Валериді басқа әйелдермен сөйлесуіне кедергі санап, оны атып өлтірді. Сүйіктісінің денесін ер адам орманға апарып көміп тастаған. Әйелін жерлеген жерге ол тәттілер, гүлшоғы, Валеридің әтірі мен махаббат хатын қалдырып кетіпті.

Әйеліне арналған хатында Люк оған деген махаббат сезімін білдіріп, оны мәңгі бақи сүйіп өтетінін айтқан.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Бастапқыда ер азамат сүйіктісін соңғы рет 30 тамыз күні көргенін айтып, оған іздеу салудан бас тартқан. Оның бұлай істеуіне не түрткі болғаны белгісіз.

Полиция бөліміне барып жүгінгендер - Валеридің туысқандары.

Көп уақыттан бері байланысқа шықпаған әйелді уайымдаған олар бірден тәртіп сақшыларына хабар береді.
Фото: life.ru

Фото: life.ru

Тергеу жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері Валеридің денесін өз үйінің артындағы орман ішінен тауып алды. Әйелдің денесінен сансыз жарақаттар табылып, оның өлімі қарудан жаудырылған оқ салдарынан болғаны расталды.

Люк Тиманға енді 25 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасу кесілу мүмкін. Алайда ол өз кінәсін мойындаудан бас тартып, аппеляцияға бермекші.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
4
7
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір