RU
Қостанайда балаларды тәттімен алдамақ болған күдікті азамат іздестірілуде
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда балаларды тәттімен алдамақ болған күдікті азамат іздестірілуде

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы Затобольск ауылында полицейлер балаларды тәттімен және балмұздақпен алдамақ болған күдікті ер адамды іздестіруде. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз бала. Көрнекі фото: telegrafi.com

Қыз бала. Көрнекі фото: telegrafi.com

Оқиға жетінші сәуір күні болған. Балалардың айтуынша, бейтаныс ер адам оларға жақындап, тәттілер мен балмұздақ сатып алып беретінін айтыпты. Алайда балалар ұсыныстан бас тартқан.

Дереккөздің сөзіне сенсек, қыздардың бірі болған жайтты ата-анасына баяндап береді. Олар болса, алдымен күдікті азаматты өздері іздеп таппақ болған. Кейін еш нәтиже шықпағасын полицияға жүгінеді.

Күдікті ер адамды тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Олар мұндай жағдайда дереу полицияға хабар беру керектігін ескертуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір