RU
"Жұлдыз аурына" шалдыққан Нұрболат Абдуллин радио тілшісін сазға отырғызды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жұлдыз аурына" шалдыққан Нұрболат Абдуллин радио тілшісін сазға отырғызды

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин өзі сұхбат беруге келіскен "Қазақ радиосының" журналистін сазға отырғызып кетті. Тілші эфирдің басталарына бір сағат уақыт қалғанда ғана келе алмайтынын ескерткен әншіні сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин. Фото: kazradio.kaztrk.kz

Нұрболат Абдуллин. Фото: kazradio.kaztrk.kz

Мөлдір Жанбаева бұл жайында Facebook парақшасында жазды.

"Осыдан бірнеше апта бұрын Нұрболат Абдуллинді концерті алдында тікелей эфирге шығарғым келді. Қазақы бояуымен əдемі келе жатқан қоңыр үнді қазақтың баласы ғой. "Хайп" іздеген мына заманда қарашаңырақ арқылы алдағы кеші туралы кеңінен айтайық деп ойладым.

Түнгі бірге дейін ноутбукке үңіліп, сұхбаттары мен Instagram парақшасындағы əр жазбасын оқып шықтым. Əсіресе, ауыл көрінісін, анасымен қарым-қатынасын, түйелерін суреттегенде, көркем шығарма оқып отырғандай əсер алдым. Сұрақтарды да қызықты етіп дайындауға тырыстым.

Сөйткен қонағым эфирге 1 сағат қалғанда, "Арендаға студия алып қойдық. Ол да осы қазір шешілді. Сіздерге бармаймыз" деді. Əрине, өзі емес қасындағы қосшысы арқылы жеткізді. Егер күндіз айтса, басқа адам іздер едім. 1 сағаттық эфирді қалай толтыруға болады?

Дайындалатын студиясы қарашаңырақтан артық па? Оны басқа уақытқа ауыстыруға болмай ма? Сол миыма сыймады. Тіпті əлгі қосшысына жалынғандай болдым. Бəрібір келмеді.

Бұл əрекетіне менен бұрын ағалар қатты ыза болды. "Республикалық радиода олардың əндерін күні-түні жарнамалаймыз. Ал олар эфирге 1 сағат қалғанда, басқа жұмысына кете салады", - деді ашынған журналист.

"Нұрболатпен жақын араласатын талай адамнан оның соңғы кезде қатты өзгеріп кеткенін естігенмін. "Жұлдыз" ауруы деген уақытша дерт. Кез-келген адам айығады. Сондай-ақ, өз парақшасында Қайрат Нұртасты "Ақ патшам" деп қайта-қайта жазатынын қабылдай алмадым.

Бір байқағаным, Али Оқапов, Айқын, қазақша дұрыс сөйлей алмаса да Кентал деген қалалық тəрбие көрген өнер иелерінің ішкі мəдениеттері сұмдық жоғары екен. Тіпті, қатты сүйсіндім.

Есімін атамай-ақ қояйын, бірақ ауыл көргендер "жұлдызбын" деп кекірейіп, сасық көкірек болады", - деп жазды журналист.

Айта кетейік, өзін қатты жақсы көретін әнші тиіскен адамды аямайтынын жеткізген еді. Сондай-ақ, елімізге белгілі арналардың бірінде бойжеткеннен шапалақ жеген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
34
3
2
0
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel