RU

Ел арасында "сопы" ретінде танылған Саят Ыбырай түрмеден босап шықты

Сопылыққа бет бұрып, өзге дін ағымының жетегінде кеткені үшін 12 жылға сотталған белгілі ғалым Саят Ыбырай түрмеден босап шықты деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azattyk.org
Фото: azattyk.org: UGC

11 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы 12 жылға бас бостандығынан айырылған ғалым, профессор Саят Ыбырайды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарған. Бұл туралы ақпарат агенттігіне Саят Ыбырайдың адвокаты Абзал Құспан айтып берген.

"Қазір ғана соттан шықтық. Біздің өтінішіміз толық қанағаттандырылды. Саят Ыбырай бүгін кешке 19.00-ге дейін үлгерсе шығады. Үлгермесе ертең шығуы керек", - деді Абзал Құспанов.

Оның айтуынша, сот шешімі 11-сәуірден бастап күшіне енген. Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бір топ ғалымдары мен қоғам қайраткерлері Саят Ыбырайды босату жайлы мемлекет басшысына хат жазған еді. Ғалым 2011 жылы «қылмыстық топ құрды» деген айыппен 12 жылға түрмеге тоғытылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726240-el-arasynda-sopy-retinde-tanylgan-saat-ybyraj-trmeden-bosap-sykty.html