RU
Ақтөбеде көлік қағып кеткен жүкті әйел сәбиімен бірге аман қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде көлік қағып кеткен жүкті әйел сәбиімен бірге аман қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде орын алған қайғылы оқиғадада автобус жүргізушісі аяғы ауыр әйелді қағып кеткен болатын. Азаматша мен оның баласының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді мамандар деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: edusite.ru

Фото: edusite.ru

Ақтөбелік әйел мен оның сәбиінің жолы болып, ажалдан аман қалған. Келіншек кішігірім жарақаттар ғана алса, баласы тіптен дін-аман болып шықты.

«Аяғы ауыр болғандықтан азаматшаны облыстық аурухананың босану бөлімшесіне жібердік. Оны тағы қосымша қарап шығады. Әйелде бассүйек ми жарақаты болуы мүмкін», - деп мәлімдеді аурухананың бас дәрігері Рахымжан Арыстан.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жолымен өтіп келе жатқан жүкті әйелді автобус жүргізушісі қағып кеткен. Тексеріс нәтижесінде оның ішімдік қабылдағаны расталмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір