RU
Намыс керек: Депутат Дулатбеков қазақшаға "жарымаған" Ақышевті ұятқа қалдырды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Намыс керек: Депутат Дулатбеков қазақшаға "жарымаған" Ақышевті ұятқа қалдырды

Рассказать Вконтакте

Парламент мәжілісінің депутаты, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Орынбасарұлы өз ойын қазақша дұрыс жеткізе алмаған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Дулатбеков

Нұрлан Дулатбеков
Source: UGC

Ақышевтің өте білімді азамат екенін алға тартқан депутат Дулатбеков оған намыс пен парасаттылықты да қатар алып жүруге кеңес берді.

"Мен сізге айтар едім: "Ана тілің - арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте", - деген қазақтың жақсы өлеңі бар. Соны жұмыс тақтайшаңызға жазып қоюыңызды сұраймын, рахмет", - деп аяқтады сөзін Нұрлан Орынбасарұлы.

Ұлттық банк төрағасы болса мінберде тұрғанда күрделі терминдерді қазақшалап айту қиынға соғатынын айтып, тілшілерге ақталды.

Сіздің реакцияңыз
14
0
0
2
0
27
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel