RU
Алматы тұрғыны түрмеде жатқан әкесінің ұлды болғанын естіп, таңғалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы тұрғыны түрмеде жатқан әкесінің ұлды болғанын естіп, таңғалды

Рассказать Вконтакте

Алматылық Анет Козайдаров 10 жыл бұрын қайтыс болған әкесінің ешкім білмеген ұлы пайда болғанына таңғалып жүр. Айтуынша, бүгінде 17 жасқа толған жеткіншек әкесінің тегін "түсініксіз жағдайда" алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Анет Козайдаровтың әкесі Әуелбек 1998-2007 жылдар аралығында түрмеде жазасын өтеген. Ол бостандыққа шыққан соң, үш айдан соң қайтыс болған екен.

"Мен отбасында жалғыз ұл болдым. Әкем қайтыс болған соң, бірнеше жылдан соң анаммен бірге тұрып жатқан үйдің құжаттарын жаңартпақ болдық. Сол жұмыстармен 2017 жылы нотариуске барсам, әкемнің атына жазылған тағы бір бала барын білдім. Бірақ оның қайдан шыққанын әлі түсіне алмай жүрмін", - дейді азамат.

Анеттің сөзіне сүйенсек, оның "інісі" 2001 жылы Алматы облысына қарасты "Жауғашты" әйелдер колониясында дүниеге келген. Сол уақытта сәбидің туу туралы куәлігіне басқа бір ер адамның аты-жөні жазылыпты.

"Бала 2017 жылға дейін басқа адамның тегімен жүрген. Бірақ өткен жылы соттың шешімімен оны өзгертіп, анасы менің әкемнің атына жаздырып алыпты. Бұл жағдайға менің еш миым жетпейді.
Әкем қайтыс болғалы 10 жыл өткен соң, ешқандай ДНК сараптамасын жасамастан, баланы қалай ол адамның атына жазуға болады? Оны әкемнің баласы екенін қалай дәлелдеген?
Екіншіден, бала 2001 жылы туылған екен. Ал менің әкем 1998 жылдан бері түрмеде отырды. Сонда абақтыда еркек пен әйелді еркін кездестіре берген бе? Әлде олар бір камерада отырған ба? Бұл тіпті, ақылға сыйымсыз, мүмкін емес нәрсе ғой?!", - деп ашынды Анет.

Ол жоғарыда аталған фактілерді есепке алмастан, балаға марқұм әкесінің тегін беру туралы үкім шығарған сотқа шағымын айтты. Айтуынша, өзі құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырып, бірнеше рет шағымданып та көрген.

"Прокуротураға шағымдандым, Жоғарғы сотқа арыз жаздым... Бірақ түрлі жауаптар жазып, еш нәтиже шығармады.

Балаға әкемнің тегін беру туралы қаулыда Әлия деген әйел (баланың анасы) "Әуелбек көзі тірісінде баланың "өзінен туғанын" мойындайтын, сондықтан ұлыма оның тегін бергім келеді" деп айтыпты.

Мен Әуелбектің заңды және жалғыз ұлы бола тұра, неге менің қаныммен әлгі баланың қанын салыстырып тексермеген? Ең болмағанда, оның шын мәнінде кімнен туылғанын осылай-ақ анықатуға болар еді ғой", - дейді Анет.

Азаматтың өзі әкесінің тегін алған бала мен оның анасын мүлдем көрмепті. Тіпті оларға барып жолығуға қорқатынын жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
5
4
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір