RU

Танымал опера әншісі науқас жігітке қаржылай көмек көрсетті (фото, видео)

"Астана операның" солисті Сүндет Байғожин ауыр дертке шалдыққан жігітпен жолығып, 1 миллион теңге табыс етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Сүндет Байғожин. Фото: Instagram
Сүндет Байғожин. Фото: Instagram: UGC

Бұл жайында опера әншісі Instagram парақшасында жариялады.

"Армандар орындалады" атты қайырымдылық қорының жетекшісі Тимур Есенғалиевтің айтуынша, кездесу Астана қаласында өткен.

Рахат есімді азамат Сүндет Байғожинмен кездесуді көптен армандаған екен. Әнші науқас жігітпен кездесіп, тіпті қосыла ән шырқаған.

Сүндет Байғожин ауыр дертке шалдыққан Рахатқа 1 миллион теңге көлемінде қаржылай көмектен бөлек, «Қазақстанның ең үздік опера әншісі 2018» атағын да сыйға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726262-tanymal-opera-nsisi-naukas-zigitke-karzylaj-kmek-krsetti-foto-video.html