Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оргазм кезіндегі әйелдердің суреті әлем жұртшылығын таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Бразилиялық кәсіби фотограф Маркос Альберти бұрын-соңды қозғалмаған тақырыптар аясында ерекше фотосессиялар жасаудың нағыз шебері. Бұл жолы ол әйелдер оргазмын барынша шынайы түрде түсіріп көпшілік назарына ұсынды деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Өзінің кезекті ерекше фотосессиясымен ол әйелдердің көбісі білмейтін тың сұлулығын жеткізуге тырысты.

Фотографтың жаңа жобасына 20-дан астам қыз-келіншектер қатысқан. Бастапқыда олардың қарапайым түрлерін, кейіннен ләззат алып жатқан кездерін түсірді.

Мұндағы мақсат әйелдердің бет-әлпетінің өзгеру жылдамдығы болса керек. Әр бойжеткеннің оргазмға әсері түрліше болып келеді. Фотосуреттердің көбісі қызықты әрі күлкілі болып шыққан.

Жобаға қатысқан әйелдердің көбісі әлемнің түкпір-түкпірінен, түрлі ұлт өкілдері болды. АҚШ пен Франциядан бастап, Қытай мен Сингапурды да қамтыған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Фотосессияның басты мақсаты – қай елде болмасын, әйел заты еркіндігі мен сексуалдылығын білімі мен туылған жеріне қарамастан толық өз басқаруына құқылы екенін жеткізу.

Әйелдер қауымының сексуалды құқығы қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде қызу талқыға салынған. Сол себепті жоба ұйымдастырушылары бұл суреттер осы мәселе тұрғысында сәл де болса өзінің жеңіл әрі көңілді септігін тигізеді деген ойда.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC
«Қатысушы қыздардың бәріне фотосессия барысы өте қатты ұнап қалған. Түсірілген суреттердің әсіресе соңғы нұсқалары олардың көңілінен шықты. Ләззат сезімге бөленген сәттерінде әйелдер ерекше сұлу болып көрінген», - деп айтты ұйымдастырушылар.

Бұл жоба әйелдер қауымына үлкен сенімділік беріп, өз сұлулығынан жасқанбауға көмектеседі деген ниет білдіріп отыр жоба жетекшілері.

Түсірілім барысында әдетте әйелдер жасқанатын тақырыптарға еркін әрі ашық түрде сөйлестік дейді фотограф. Оның айтуынша, әр әйелдің бұл тұрғысында өзіндік пікірлері бар, әрі бір-біріне ұқсас емес болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1726263-orgazm-kezindegi-jelderdi-sureti-lem-zrtsylygyn-tagaldyrdy-foto/

pixel