RU
Журналист әйел әйелдердің құқықтары туралы: Қазақстанда нео-патриархат өркендеуде
Жаңалықтар Қоғам

Журналист әйел әйелдердің құқықтары туралы: Қазақстанда нео-патриархат өркендеуде

Рассказать Вконтакте

Журналист Дарья Жазарова қазақстандық әйелдер мен ерлердің өзін-өзі іске асыру құқықтарының теңсіздігі тақырыбын көтерді.

Журналист әйел әйелдердің құқықтары туралы: Қазақстанда нео-патриархат өркендеуде

Бүкіл өркениетті әлем әйелдердің ерлермен тең құқықтарын баяғыда қорғап алған. Сондай-ақ біз мектептегі тарих пәнінен білетін Клара Цеткин мен Роза Люксембург әлемнің нәзік жандылары бүкіл өмірін «жалаң аяқ, жүкті күйінде және пештің жанында өткізбеуі» үшін күрескен болатын.

«Қалыңдық ұрлау — салт-дәстүр. Жалақы ерлерге қарағанда үш есе төмен, — әлеуметтік шарттылық. Биліктегі әйелдер пайызының аздығы — кездейсоқтық емес», — журналист қазақстан қоғамындағы әйелдердің қиын жағдайы туралы қорытындыға келді. Оған себеп болған Facebook-тегі ұйымның парақшасында жарияланған Шығармашылық Бастамадағы Әйелдер Лигасының есебі.

Есепте: «Бұрынғы Одақтың көптеген елдеріндегідей Қазақстанда да нео-патриархат өркендеуде, — деп айтылады. — Әйелдерді қазір алып қашпайды, ал егер де алып қашатын болса, ашық істемейді, себебі ол қылмыстық іс болып есептеледі, бірақ мұндай жағдай әлі де бар. Нео-патриархатта мұндай мәселелерді жасырып қалу қалыпты жағдай, бірақ сіздердің барлық құқықтарыңыз бар екені айтылады: әйелдер жұмыс істей алады, дауыс бере алады, некеге тұру-тұрмау таңдауын жасай алады. Алайда, бұл олай емес. Егер статистиканы қарайтын болсақ, теңсіздік, жалақы мәселелерін және әйелдер күн сайын тап болатын көптеген басқа әртүрлі мәселелерді көруге болады».

Журналист әйел әйелдердің құқықтары туралы: Қазақстанда нео-патриархат өркендеуде

Қазақстандық әйелдердің басым көпшілігі білім және тамақтану саласында қызмет етеді, оған елдің ЖІӨ бар болғаны 2% келеді. Ал нәзік жандылардың жалақысы ерлерге қарағанда орташа есеппен 33% төмен. Әйелдердің өте аз бөлігі жоғары басшылық қызмет атқарады: мемлекеттік қызметкерлер арасында небәрі 10%, 16 министрдің 1 әйел және облыс әкімдерінің ішінде бірде бір әйел жоқ.

Журналистің сөзі бойынша, Prada, Gucci және Kuralai-дан бөлек, Қазақстандағы әйел «ошақ иесі», «үй шаруасындағы әйел», «нәзік жандылар» сияқты таңбаларды тағып жүретін болуы керек. Мұндай жағдайда қызметтің барлық саласында еңбек ететін ерлерге жақын «мансаптық саты» және «әлеуметтік лифт» сияқты түсініктерге біздің әйелдердің қол жеткізуі екіталай. Әйелдер үшін көтерілейін десе, басын ұра беретін «шыны төбе» құбылысы — көрінбейтін, бірақ мансаптық өсу жолындағы берік бөгеттер әлдеқайда өзекті.

Журналист әйел әйелдердің құқықтары туралы: Қазақстанда нео-патриархат өркендеуде

Көбі ойлана бермейді, алайда қазақстан қоғамында ерлерге бағытталған ұйымдық мәдениет деген бар. Осыдан мынадай пікір қалыптасады: «Жұмыста мен әйел емеспін, мен — адаммын». Және бүкіл көпшіліктің ұшқыш әйелге (айтпақшы, Қазақстандағы жалғыз әйел), автошабандоз әйелге таңырқап қарауы да, жүргізуші әйелді жапа-тармағай жазғыруы да содан...

Жоғарыда аталған Шығармашылық Бастамадағы Әйелдер Лигасының зерттеулері туралы есепте жарияланған қоғам өкілдерінің пікірлері осы көріністі толықтырады: «Мен, негізінде, әйелдер мемлекеттік қызметте жұмыс істемеуі қажет деп санаймын. Бұл олардың қолынан келмейді. Саясат — ерлердің ісі. Әйелдер маңызды мәселелерді шеше алмайды», «Әйел адам, ең алдымен, бала бағу қажет. Егер оның кішкентай балалары бар болса, ол, әрине, үйде отыратын болады», «…оларға [әйелдерге] бағыт беріп тұру қажет»…

Ойыңызбен пікірлерде бөлісіңіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel