RU
ОҚО-да ірі шенеунік ауған азаматтарынан пара алып жатқанда ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да ірі шенеунік ауған азаматтарынан пара алып жатқанда ұсталды

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да көші-қон полиция басқармасының бастығы парамен ұсталды. ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, басқарма бастығы Ауған елінің тұрғындарына азаматтық алып беру үшін пара алған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО-да

Көрнекі сурет: newsonline24.com.ua

Арнайы операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаментінің қызметкерлері жүргізген.

Ведомство өкілдері хабарлағандай, көші-қон полициясының басқарма бастығы шетелдік төрт азаматқа Қазақстанның азаматтығын қаржылай сыйақы үшін алып бермек болған.

Бұл қызметі үшін басшы 30 000 АҚШ доллар сұраған.

"Арнайы операцияны 10 сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаментінің қызметкерлері жүргізді. ОҚО көші-қон полициясының бастығы Нұрдаулет Төлегенұлы Ауғанстан елінің төрт азаматына азаматтық алып беру үшін 3500 АҚШ доллары және 30000 АҚШ доллары (жалған ақша) пара алу кезінде ұсталды", - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Пара алды деген көші-қон полиция басқармасының бастығы қазір қамауда.

Бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір