RU
Нұржан Керменбаев: Келіншегіме үйленгеннен кейін ғана сезімім оянды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Нұржан Керменбаев: Келіншегіме үйленгеннен кейін ғана сезімім оянды

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Нұржан Керменбаев өзінің келіншегіне деген сезімі үйленгеннен кейін ғана пайда болған деп хабарлайды «Гәкку» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұржан Керменбаев. Фото: Instagram

Нұржан Керменбаев. Фото: Instagram

Әнші болашақ жарымен үш рет қана кездескен.

«Жарыма деген сезімім тек үйленгеннен кейін ғана пайда болды. Өйткені, екеуіміз үш рет қана кездескен едік. Анама көрсеттім. Ол кісі де ұнатты. Шүкір, қателеспеген сияқтымын. Одан үйленердің алдында сұрадым. «Ұзатып алайық па? Әлде алып қашайын ба?» деп. Ол үйінің жалғыз қызы болғандықтан, ұзатып алдық», - деді әнші.

«Сыйлай біледі. Әлі күнге «сіз» деп айтады. Мен ойлағандай адам жолықты. Өзім де сондай жар іздеген едім. Бір-бірімізге кешіріммен, мейіріміммен қарауға тырысамыз», - деп құпиясымен бөлісті Керменбаев.

Нұржан Керменбаевқа тұрмысқа шыққанда Назерке небәрі 19 жаста болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
1
3
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір