RU
Сыйластық деп осыны айт: Роналду жеңіліп қалған Буффонға қолдау көрсетті
Жаңалықтар Әлемде

Сыйластық деп осыны айт: Роналду жеңіліп қалған Буффонға қолдау көрсетті

Рассказать Вконтакте

Кешегі өткен кездесудің соңғы минуттарында "Ювентус" қақпашысы ашуға бой алдырып қойғаны үшін алаңнан қуылған болатын. Жеңілісті ауыр қабылдаған әріптесіне ойын соңынан Криштиану Роналду келіп өз қолдауын көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

"Реал Мадрид" пен "Ювентус" арасындағы тартысты ойын футбол сүйер қауымға ұмытылмас ұйқысыз түн сыйлады. Өз отандастары "Романың" ерлігін қайталамақ болған "Ювентус", мадридтік команданың жанкүйерлерін бірәз әбігерге салған.

Сантьяго Бернабеуде үш мәрте гол соққан итальялықтар екі команда арасындағы есепті теңестіріп, аңсаған армандарына қол жеткізуге жақын болды. Алайда олардың мақсаттарының орындалуына Реал Мадрид жол берген жоқ.

Ойынның соңғы минуттарында аты аңызға айналған Буффон төрешімен сөзге келіспей алаңнан қуылып тынды. Бұдан кейін пенальтиден гол соққан Криштиану Роналду кездесудің нүктесін қойып, "Ювентустың" арманын тас талқан етті.

Чемпиондар лигасында алғаш рет қызыл қағаз алған Буффонға алғашқылардың бірі болып португалиялық шабуылшы қолдауын көрсетіп, сыйластығын танытты. Ол ойын соңынан әйгілі қақпашыны құшақтап оған барынша жұбату сөздерін айтты.

Криштианудың бұл қылығы желі қолданушылардың разылығына ие болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel