RU
Үйіне кіріп келген Сәдуақасованы көрген тұрғындар сасып қалды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Үйіне кіріп келген Сәдуақасованы көрген тұрғындар сасып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал отандық әнші Мәдина Сәдуақасова гастрольдік сапары барысында құрылысы бітпеген үйге басып кіріп, үй иелерін қатты таңғалдырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәдуақасова. Фото: Instagram

Сәдуақасова. Фото: Instagram

Бұл жайында әнші Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Маңғыстау облысы Шетпе кентіне келе сала, көзімізге түскен шаңыраққа кіріп, нан ауыз тиіп шықтық. Иелері аң-таң. Құрылыс жүріп жатыр екен. Соған қарамастан, үйге кіріңіз, ет асамыз деп апыл-ғұпыл болып жатыр. Қонақжай қазағым-ай!", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына тәнті болып, ризашылықтарын білдірді.

"Керемет», "Үй иелері сасып қалған шығар, не істерлерін білмей", "Біздің үйге де тосыннан кіріп кетіңізші" деп жарыса жазды олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
1
41
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір