Выйти
RU

Ызаға булыққан ер адам үре берген көршісінің итін жеп қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кореяның Пхентхэк қаласында мазасын ала берген көршінің итін сойып, жеп қойған азамат қолға түсті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ку-ку

Фото: Ку-ку

63 жастағы азаматтың тамағына айналған итті иесі бір ай бойы іздеген.

Вельш-корги тұқымына жататын үй жануарын жоқтаған әйел, оны тапқан адамға 1000 долларға тарта сыйақы да тағайындаған.

Ол көршісінің ит сойғанын естіп, дереу полицияға хабарласқан екен.

Ер адам өз қылмысын мойындап, "Мазамды алғандықтан, өлтіруге мәжбүр болдым", - деп түсіндірген.

Айта кетейік, енді ол кісі ит иесіне қаржылай айыппұл төлейтін болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ызаға булыққан ер адам үре берген көршісінің итін жеп қойды