RU
Ғаламтордағы жарнамаға алданған астаналық азамат бар ақшасынан айырылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ғаламтордағы жарнамаға алданған астаналық азамат бар ақшасынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдаған астаналық азамат OLX.KZ сайтынан несиені оңай жолмен рәсімдейтін жарнаманы тапқан. Алайда ол қарызға ақша аламын деп, алаяққа жем болған. Тасболат енді бар халықты жарнамаға алданбай, сақ жүруге шақырды.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Жасы отыздан асқан Тасболат 9 сәуір күні сайттағы жарнаманы көріп, несие алу үшін ондағы нөмірге бірден хабарласқан.

"Байланыс нөмірі бойынша бір қыз жауап беріп, менен жұмысым туралы мәліметтер сұрады. Өзім құрылысшымын. Телефон арқылы барлығын айтқан соң, маған 3 миллионға дейін несие беруге болатынын айтты. Ол үшін 35 мың теңге көлемінде алғашқы төлемді енгізуіңіз керек деді. Мен оған келісіп, шотына айтқан ақшасын салып жібердім", - дейді ол.

Алайда ол келісім бойынша қазақстандық ірі банктердің бірінен ақшасын алып кетуге барғанында, "сіщге несие шыққан жоқ" деп шығарып салған.

"Осыдан кейін "несие бергіш" қызға қайта хабарласқанымда, 35 мың теңгеңізді қайтарып береміз деп, бір мекен-жай мен адамның аты-жөнін жазып жіберді. Ол жерге барып, ақшамды алып кетейін десем, әлгі адам онда жұмыс істемейді екен. Ал сөйлесіп жүрген қыз телефонға мүлдем жауап бермей қойды", - дейді Тасболат.

Осыдан кейін ғана өзінің оңбай алданып қалғанын түсінген азамат ақшасын қайтарып ала алмаса да, бұл тәжірибесі өзгелерге сабақ болса екен дейді.

"Қазір осындай хабарландырулар ғаламторда қаптап кеткен. Оларға сеніп, мен сияқты алданып қалмаңыздаршы. Сіздерден сақ болуды өтінемін", - деп сөзін қорытындылады ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір