RU
Қайтыс болған миллионер 42 жыл отасқан әйеліне бір тиын да қалдырмады
Жаңалықтар Әлемде

Қайтыс болған миллионер 42 жыл отасқан әйеліне бір тиын да қалдырмады

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиялық миллионер 42 жыл отасқан әйелін көк тиынсыз қалдырды. Ол қайтыс болғаннан кейін өсиет хатында сүйіктісіне ештеңе табыстап қалдырмағаны анықталды деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: goodhouse.com.ua

Фото: goodhouse.com.ua

94 жасында өмірден озған Винфорд Ходж өзінің әйелі мен төрт баласына ешқандай мүлкі мен қаражатын қалдырғысы келмейтінін өсиет хатында жазып кеткен.

Ол 79 жастағы Джоан Томпсонның өз-өзін қамтамасыз ете алады деп, барлық жиған-тергенін өзіне көмектескен жалға берушілерге табыстаған болып шықты.

Алайда, сотта әйелдің жағдайына түсіністікпен қарап "өзінің отбасылық міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін" миллионердің әйеліне үй мен 190 мың фунт көлеміндегі қаржыны беруді заңдастырылды.

Винфорд Ходж өзінің өсиет хатын он рет ауыстырғаны белгілі болды. Қайтыс болар алдында ол Джоанға жағдайын жақсылап жасап кеткенін айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
4
1
4
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір