RU
Өскемендік келіншек төсек қатынасына мәжбүрлеген күйеуін өлтіріп қойды
Жаңалықтар Қоғам

Өскемендік келіншек төсек қатынасына мәжбүрлеген күйеуін өлтіріп қойды

Рассказать Вконтакте

Өскемендік келіншек төсек қатынасына мәжбүрлі түрде түспек болған жолдасын пышақтап өлтірген. Сот үкімімен әйел адам екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Оқиға биылғы жылдың басында орын алған. 35 жастағы Ольга Васильеваны жолдасы Андрей мәжбүрлі түрде жыныстық қатынасқа түсуге итермелеген. Келіншек күйеуінің ішімдікке сылқия тойып алғанын біліп, сол күні оны тіпті үйінен қуып та шыққан. Алайда, бұған көне қоймаған ер азамат жатын бөлменің терезесін шағып, тағы да үйге кіріп алады.

Осылайша, әйелін көрген бойда жұдырық ала жүгіреді. Онымен қоймай, келіншектің ішкі киіміне дейін шешіп, тамағына пышақ қойып, "бірге боламыз" деп қорқытқан. Десе де, Ольга оған көнбеген. Амалы таусылған әйел, күйеуінің тепкісіне шыдамай, ұлы бөлмеге келген уақытты пайдаланып, оның арқасына пышақ сұғып алады. Кейін оқиға орнына жедел жәрдем қызметі келсе де, ер адамды аман алып қала алмайды, ол көп ұзамай жан тәсілім еткен.

Сот әйелдің өз өмірін қорғау үшін, осындай әрекетке барғанын ескеріп, оны екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
1
6
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір