RU
Отырып ән салған жүкті әйелді сахнада атып тастады
Жаңалықтар Әлемде

Отырып ән салған жүкті әйелді сахнада атып тастады

Рассказать Вконтакте

Пәкістанда 24 жастағы жүкті әйелді әнді тұрып айтпағаны үшін сахнада атып тастаған. Симона Самунның жүктілігі алтыншы айға таяп қалған болатын деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

24 жастағы әншіні мерекелік іс-шараға ән айтуға шақырған. Аяғы ауыр болған соң, ол отырып ән салуға рұқсат алған.

Ұйымдастырушылар келіскенімен, тыңдармандар наразы болып шықты. Олар жүкті әйелді күштеп орнынан тұрғызуға кіріскен.

Оның үстіне мерекеде болған ер азаматтар қызға қағаз ақша шашып, қайта-қайта мазасын алды. Осыдан кейін бірер минут өткен соң оқ атылып, оның әйелге келіп тигені белгілі болды.

Жүкті әйелді ауруханаға дереу жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Әйел өліміне күдікті ретінде Тарика Ахмед Джата есімді азамат тұтқынға алынған. Марқұмның жолдасы қылмыскерге екі адам өлімі үшін айыптауды сұрап жатыр.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
3
4
5
4
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір