RU
Ел алдына көп шыға бермейтін Сара Назарбаева мұғалімдерге ақылын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ел алдына көп шыға бермейтін Сара Назарбаева мұғалімдерге ақылын айтты

Рассказать Вконтакте

"Бөбек" қайырымдылық қорының президенті, "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаева орталықта біліктілігін арттыру курсынан өткен мұғалімдермен кездесті деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сара Назарбаева. Скриншот Алматы арнасы

Сара Назарбаева. Скриншот Алматы арнасы

Олар білімін жетілдіру үшін еліміздің әр өңірінен келген. Дәстүрлі кездесу биыл алғаш рет дәріс алушылармен ұйымдастырылып отыр. Оған ұстаздар өздері ниет танытқан.

Басқосуда бала тәрбиесі, мұғалімнің қоғамдағы рөлі, адамзаттың жан тыныштығы сияқты мәселелер сөз болды.

Сондай-ақ Сара Назарбаева педагогтарға өз кеңесін берді.

"Өз жан дүниеңе үңіл. Сені бақытты еткен не, бақытсыз еткен не? Осыдан соң сен балаларыңа дұрыс тәрбие бересің. Оның үстіне мұғалім болсаң, мектепке, балабақшаға, жоғары оқу орнына білім алуға келген балаларды тәрбиелейсің. Сондықтан айтарым, жалпы адамгершілік құндылықтар барлық сабақта, барлық емтиханда, қабылдау емтихандарында бірінші орындағы пән болуға тиіс", - деді "Бөбек" қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
7
0
3
2
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel