RU

2018 жылғы наурызда Қазақстанда ең көп сатылған көлік түрі қандай?

2018 жылдың алғашқы төрт айында қазақстандықтар 91,7 миллиард теңгеге жаңа автокөліктер мен жүк көліктерін, автобустарды сатып алған деп хабарлайды Қазақстандық автобизнес Ассоциациясына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Қазақстандық автобизнес Ассоциациясы
Фото: Қазақстандық автобизнес Ассоциациясы: UGC

Қазақстандық автобизнес Ассоциациясы берген мәліметтерге сүйенсек, елімізде наурыз айында ең көп сатылған автокөлік түрі - Lada екен. Оны 952 адам иеленген.

Өтімділігі бойынша екінші орында тұрған Toyota көлігі - 711 адамға сатылыпты. Ал үш және төртінші қатарда Hyundai мен Ravon маркалы көліктері.

Бесінші орын - "ГАЗ" техникасы - 259 рет сатылған. Осыдан кейін Kia, Nissan, JAC маркалары да көш бастап тұр.

Ең көп сұранысқа ие көліктердің ондығын Renault (99 сатылым), KAMAZ (94 сатылым) және Volkswagen (87 сатылым) түйіндеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726372-2018-zylgy-nauryzda-kazakstanda-e-kp-satylgan-klik-tri-kandaj.html