RU
Геннадийді жеңе аламын: Тағы бір боксшы Головкинмен жұдырықтасудан дәмелі
Жаңалықтар Қоғам

Геннадийді жеңе аламын: Тағы бір боксшы Головкинмен жұдырықтасудан дәмелі

Рассказать Вконтакте

Америкалық боксшы Ванес Мартиросян әлі де болса WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға үмітті деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ванес Мартиросян

Ванес Мартиросян

Бұған дейін WBC, IBF, WBA ұйымдары АҚШ-тың атынан шығатын армян боксшысын Головкинге қарсылас деп қабылдамаған болатын. Бірақ Мартиросян әлі де болса GGG үшін Сауль Альваресті алмастыруға дайын.

"Рингке шығуға дайынмын. Дүйсенбіде "жұдырықтасасың ба?" деп сұрағанда, мен бірден келістім. Қаржылық мәселені сұраған да жоқпын. Бұл Синко де Майо кезінде Лос-Анджелес үшін жақсы шоу болар еді, армяндар аренаны толтырып тастайды. Менің мексикалық жанкүйерлерім де көп. Мен басқа боксшылардан мықтымын және Геннадийді жеңе аламын. Себебі мен стилі өзімдікіне ұқсас қарсыласпен әлі кездескен жоқпын. Мен жаттығып, спарринг өткізіп, салмақты бақылап жүрмін. Маған хабарласқандарын күтемін", - дейді Мартиросян.

Айта кетейік, Головкин 5 мамырда мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуы керек еді. Алайда Канело допинг дауына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Енді жекпе-жекке бір айдан аз уақыт қалса да, Головкинге қарсылас табылмай жатыр

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
1
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір