RU
Атыраулық азамат қасқыр орнына адам атып алған
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Атыраулық азамат қасқыр орнына адам атып алған

Рассказать Вконтакте

Атыраулық азамат аңдаусызда қасқыр орнына адам атып алған деп хабарлайды atr.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: telegraf.com.ua

Иллюстрациялық фото: telegraf.com.ua

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға биылғы жылдың қаңтар айында болған. Тұрғын өзінің қасына жолдасын ертіп, 12-ші калибрлы МР-155 маркалы тегіс ұңғылы қаруымен аң аулауға шыққан. Сөйтіп, Махамбет ауданы бағытына қарай қаладан 20 шақырым жердегі тоғайлы аумаққа барған.

Жоспарланған жерге келіп, ағаштың саясына орналасқан азамат алыстан қасқырға ұқсайтын екі бейнені көреді. Алайда, олардың қасқыр екеніне анық көз жеткізбей, қаруымен атып жіберген.

Осы сәтте ер адамның айғайлаған даусын естіп, өзінің қателескенін сезген. Аң деп атқаны, адам болып шығыпты. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық Кодекстің 114-бабы, 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды және пробациялық бақылау белгіленді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel